Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Хорватия Президентін Ұлттық мерекесімен құттықтады

30 Мамыр 2025, 22:11
505
Бөлісу:
 akorda.kz
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия Республикасының Президенті Зоран Милановичті Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Астана мен Загреб арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынасымыз бұдан әрі де дами беретініне сенімдімін, - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичке жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал достас Хорватия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы