Тоқаев халықаралық аренада дипломатиялық тәжірибесімен үлкен беделге ие – Киекенова

6 Қазан 2022, 18:01
1087
Бөлісу:
Тоқаев халықаралық аренада дипломатиялық тәжірибесімен үлкен беделге ие – Киекенова

Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігіне қарасты Ғылым комитетіндегі Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бағдат Киекенова «Аманат» партиясының президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы ауқымды саяси-экономикалық өзгерістерді, жаңа тарихи кезеңдерді басынан өткеруде. Осы сындарлы уақытта еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салмақты саясатымен, байыпты басшылығымен және жігерлі жауапкершілігімен әрдайым халқымызбен бірге болып, мақсат-мүддесін мұңдап, әділ басшы екенін көрсете білді. Және де әлемде болып жатқан күрделі саяси жағдайларға қарамастан халықаралық аренада дипломатиялық тәжірибесімен, көрегендігімен, даналығымен үлкен беделге ие болды, - деді Бағдат Киекенова.

Ғылыми қызметкер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің алдында тұрған әділдік, ізгілік, білім, бірлік мәселелерін Қазақстан дамуының басты өзегі ретінде алға қойып отырғанын айта кетті. 

Әл-Фараби бабамыз «Бақыт – әрбір адам ұмтылатын ұлы мақсат» екенін пайымдаған еді. Демек Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халық алдында үлкен адамгершілік пен жауапкершілікті мойнына ала отырып, әділдіктің туын биік ұстайтынына, ұлт болашағын алдыға қоятынына сенемін, - деді Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігіне қарасты Ғылым комитетіндегі Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бағдат Киекенова.

Өзгелердің жаңалығы