Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдайды

9 Қазан 2025, 07:52
449
Бөлісу:
 akorda.kz
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Мысыр, Қатар, Түркия елдерінің араағайындық қызметі табысты болғанын, сондай-ақ Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерге Президент Дональд Трамп бастаған АҚШ тарапының ерекше үлес қосқанын атап өтті, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы