Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев: «Эстонияның Қазақстанға құйған инвестициясы 128 миллион доллардан асты»

17 Қараша 2025, 18:58
307
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Эстония халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты жолға қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Негізгі өңірлік және жаһандық мәселелерде, соның ішінде бейбітшілікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етуде ұстанымдары ұқсас.

Кездесуде өзара қарым-қатынастың маңызды бағыттарының бірі саналатын экономикалық ынтымақтастыққа баса мән берілді.

Президент Эстонияның 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестициясы 128 миллион доллардан асқанын атап өтті. Қазір елімізде 80-нен астам эстониялық компания логистика (CF&S Kazakhstan LLP), пошта қызметтері (Omniva) және цифрлық сервис (Bolt) салаларында табысты жұмыс істеп жатыр.

Мемлекет басшысының пікірінше, Эстониядан үлкен бизнес-делегацияның келуі Таллиннің серіктестік аясын одан әрі кеңейту ниетін танытады. Қазақстан эстониялық компанияларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық байланысты тереңдету Қазақстан мен Эстония арасындағы достықты нығайтуға тың серпін береді деп санайды.

Президент ғылым-білім саласы екіжақты ынтымақтастықтың ең перспективті бағыты болып қала беретінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы