Тоқаев есірткі өндіретін адамдарды қатаң жазалауды ұсынды

15 Наурыз 2024, 16:16
385
Бөлісу:
Тоқаев есірткі өндіретін адамдарды қатаң жазалауды ұсынды
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тоқаев кеселмен бүкіл ел болып күресіп, біржола тосқауыл қоюымыз керегін айтты.

Алдымен, есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы. Өкінішке қарай, бұл індет жаппай белең алып барады. Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды, - деді ол.

Мемлекет басшысы атап өткендей, заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды.

Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын, - деп айтты Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы