Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі төтенше жағдай 2020 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген мемлекет басшысының Қаулысында.