Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев бортын ресейлік Су-35 ұшақтары әуежайға дейін сүйемелдеп апарды

11 Қараша 2025, 15:19
309
Бөлісу:
 Ақорда
VIDEO
Фото: Ақорда

Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мұндай тәжірибе достас мемлекеттердің басшыларына қатысты қолданылады және ол мемлекетаралық қатынастар мен өзара сенімнің жоғары деңгейін білдіреді.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Мәскеуге барды. Бағдарламаға Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізу жоспарланған. Оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылайды.

Өзгелердің жаңалығы