Тоқаев: Озық ел болсақ, басқа мемлекеттер бізге құрметпен қарайды

Қазақстан – ілгері, заманауи мемлекет болуы керек.

 Ақорда Кеше 2026, 13:19
Кеше 2026, 13:19
301
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасына қысқаша баға беріп, оның негізгі мақсаты елдің болашағына бағытталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін айтқанымдай, Конституция жобасын әзірлеу жұмыстары біраз уақытқа созылды. 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізілгені өздеріңізге мәлім. Сол кездің өзінде жаңа Конституция қабылдауға болар еді. Бірақ біз ондай қадамға бармадық. Дегенмен жаңа Конституция қабылдау туралы идея пайда болды. Шамамен екі жыл бұрын іске кірістім. Елімізге жаңа Конституция қабылдау керек деген ұйғарымға келдім. Қазақстан, ең алдымен, зайырлы мемлекет болуға тиіс. Бұл Конституция елімізді ілгерілетініне ешқандай күмәнім жоқ. Біз көштен қалмай, прогрестің алдыңғы шебінде жүруіміз керек. Озық ел болсақ, басқа мемлекеттер бізге құрметпен қарайды. Ел тағдыры өз қолымызда. Сол үшін табанды еңбек ету керек. Алдымызда тұрған ең үлкен мақсат – осы, - деді Президент.
Наверх