Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы "Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы азаматтық-құқықтық жауаптылық мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.