Тоқаев Астана халықаралық форумының миссиясын атады

8 Маусым 2023, 11:29
1194
Бөлісу:
Тоқаев Астана халықаралық форумының миссиясын атады
Фото: Арман Мухатов

Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астана халықаралық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы форумға қатысушы шетелдік қонақтарды қарсы алып, оларға іс-шараға атсалысып жатқандарына алғысын айтты.

Құрметті ханымдар мен мырзалар, қадірлі қонақтар. Сіздерді Астана халықаралық форумында көргеніме қуаныштымын. Достарымыз бен әріптестеріміз әлемнің түкпір-түкпірінен келіп, осы форумға қатысып отыр. Катар мемлекетінің Әмірі, Қырғыз Республикасының президентіне, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасына, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры, Өзбекстанның премьер-министріне ризашылығымды білдіргім келеді, - деді Президент.

Тоқаев форумда жаһандық мәселелерді, сонымен қатар өңірлік ынтымақтастық мәселелері көтерілетінін айтты.

Мемлекет басшысы БҰҰ-на және басқа да ұйымдарға алғысын білдірді.

Астана халықаралық форумы - диалог алаңы. Сондай-ақ оның өзіндік миссиясы бар. Біріншіден, жаһандық ахуалға шолу жасау. Екіншіден, сын-қатерлер мен тәуекелдерді өңірлерге жеткізу. Үшіншіден, осы сын-қатерлерді өзіндік диалог арқылы шешу. Төртіншіден, өзіміздің жан-жақты қарым-қатынасымызды дамыту. Бесіншіден, бейбітшілікке, прогреске және ынтымақтастыққа талпыну, - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев геосаяси текетірес заманында осындай форумға қатысып отыру өте маңызды екенін айтты.

Жаһандық жүйе барлығының игілігі үшін жұмыс істеуі керек және бейбітшілікті, игілікті алға ілгерілету өте маңызды, - деп айтты Президент форумда сөйлеген сөзінде.

Өзгелердің жаңалығы