Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Ассамблея ұйымдарының мақсатын атады

Олжас АДАЙ
24 Сәуір 2025, 11:50
749
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бірлік бар жерде ғана тірлік бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ассамблея қоғамдық ұйымдармен және институттармен тығыз байланыста жұмыс істеп, еліміздің ішкі саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді. Осылайша, мемлекет пен қоғам арасында сындарлы әрі жемісті диалог орнатуға ықпал етуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 мүшесі Ұлттық құрылтай құрамында табысты еңбек етіп, елдік бастамаларға өз үлесін қосып жатыр, - дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы. 

Президент Ассамблея сессиясында қабылданған шешімдерді мемлекеттік органдар міндетті түрде ескеруге тиіс екенін айтады.

Сессиялар аралығындағы жұмысты Ассамблея кеңесі атқарады. Оның құрамына этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер мен әкімдер кіреді, - дейді Тоқаев.

ҚХА хатшылығы Президент әкімшілігінің дербес құрылымдық бөлімі саналады.

Барлық өңірде Достық үйі бар. Онда мыңнан астам этномәдени бірлестіктер орналасқан. Сондай-ақ облыс әкімдіктерінде "Қоғамдық келісім" мемлекеттік мекемелері құрылды. Ассамблея құрылымында төрт мыңнан астам қоғамдық ұйым жұмыс істейді. Бұл ұйымдардың мақсаты – бір, бұл – азаматтарымызды елдік маңызы бар жұмысқа тарту, яғни ортақ іске жұмылдыру. Мысалы, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі отбасы институтын нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге атсалысып, ауқымды жұмыс жүргізуде, - дейді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА бірлік пен теңдіктің символына айналғанын, сондай-ақ бірлік әлемдегі тұрақсыз жағдайда аса маңызды екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы