Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев: Арал мәселесі халықаралық деңгейде талқыланады

Олжас АДАЙ
Бүгiн, 12:25
131
Бөлісу:
 mapio.net
Фото: mapio.net

Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су мәселесімен жүйелі түрде айналасудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің айтуынша, бұл бағытта халықаралық деңгейде нақты қадамдар қажет.

Біз су мәселесімен жүйелі айналысуымыз керек. Мен былтыр БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. БҰҰ-ны реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуір айында Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз, – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Өзгелердің жаңалығы