Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Ақордада Пашинянды қарсы алды

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
21 Қараша 2025, 11:09
372
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Ақордада Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды Ақордада қарсы алды.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшы мен Армения Премьер-министріне сәлемдік баянат берді.

Тоқаев Ақордада Пашинянды қарсы алды

Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Кейін Армения Премьер-министрі Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Тоқаев Ақордада Пашинянды қарсы алды

Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз.

20 қараша күні елорда әуежайынан Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды Премьер-министр Олжас Бектенов күтіп алған еді.

Өзгелердің жаңалығы