Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Ақордада Иран басшысын қарсы алды

Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Ақордада Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианды Ақордада қарсы алды.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшысы мен Иран Ислам Республикасының президентіне сәлемдік баянат берді.

Тоқаев Ақордада Иран басшысын қарсы алды

Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Тоқаев Ақордада Иран басшысын қарсы алды

Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Тоқаев Ақордада Иран басшысын қарсы алды

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Тоқаев Ақордада Иран басшысын қарсы алды

Кейін екі ел көшбасшылары шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Тоқаев Ақордада Иран басшысын қарсы алды

Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

Еске сала кетсек, 10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы