Тоқаев Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Алжир президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

 Ақорда 1 Қараша 2024 2024, 12:31
1 Қараша 2024 2024, 12:31
741
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Алжир президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мерекесі – Революция күнімен құттықтады, - делінген хабарламада.

Президент бейбітшілік пен ынтымақ қағидатын берік ұстанған Алжир мемлекетінің өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Наверх