Тоқаев Алматыдағы жаралылар жатқан ауруханаға барды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 Ақорда 12 Қаңтар 2022 2022, 18:29
12 Қаңтар 2022 2022, 18:29
1643
Фото: Ақорда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Травматология бөліміндегі палаталарды аралап көріп, террорлық акті кезінде зардап шеккен азаматтармен әңгімелесті.

Президент жараланғандардың хал-жағдайларын сұрап, олардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, сондай-ақ дәрігерлермен сөйлесті. Күштік құрылымдардың зардап шеккен барлық қызметкеріне көмек көрсетіледі.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен азаматтардың бәріне дер кезінде жан-жақты медициналық көмек көрсетілген.

Наверх