Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар

7 Наурыз 2025, 14:01
917
Бөлісу:
Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар
VIDEO
Фото: Видеодан кадр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін ер адам жолаушы атын жамылып, рейс алдындағы тексеру аймағына кіріп кеткен. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуін сұраған, ол оған жауап ретінде тексеру қызметкерін шашынан ұстап алып, пышақпен қорқыта бастаған.

Өзгелердің жаңалығы