Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Әсем Орынбайдың Әлем кубогі кезеңіндегі, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді.
Ең оқылған:
- Қар мен жаңбыр: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
- Әзербайжан президентінің атынан Түркияда жалған мәлімдемелер тарады
- АҚШ сайлауы: Демократтар жеңсе, Трамптың жағдайы не болады? – SarapSöz
- АҚШ-тағы сайлау қарсаңында Трамп: Иранға ауыр соққы жасауға тура келуі мүмкін
- Ердоған Қазақстан аумағының үстімен ұшып бара жатқанда Тоқаевқа хат жолдады
Арайлым АЛТАЙҚЫЗЫ