Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы тұрғындарының өртенген Қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі бастамасын қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Facebook парақшасында Қазақстан Президентінің кеңесші – баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады, - делінген жазбада.
Еске салсақ, Абай облысында «Семей орманы – жасыл аймақ» акциясы өткен болатын.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы Бородулиха ауданында басталды. Ауданның «Семей орманы» аумағында «Семей орманы – жасыл аймақ» ағаш отырғызу бойынша кең ауқымды акция өтті.