"ҚазАгро" топансудан зардап шеккендердің қарызының пайызын кешіреді

14 Мамыр 2020, 20:59
1539
Бөлісу:
"ҚазАгро" топансудан зардап шеккендердің қарызының пайызын кешіреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 1 мамырында болған су тасқынына байланысты Түркістан облысының Мақтарал ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік төтенше жағдай жарияланды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен қоғамдық ұйымдар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдарынан келген бар көмектерін көрсетуде.

"ҚазАгро" Холдингінің еншілес компаниясы - "ҚазАгроҚаржы" АҚ Қазақстан Республикасы Премьер-министрі А.Маминнің Түркістан облысында болған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмаларын орындау шеңберінде өңірдің төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен  фермерлерін қолдау шараларының кешенін әзірледі.

Су тасқынынан зиян шеккен "ҚазАгроҚаржы" АҚ қарыз алушыларына бір жарым жыл мерзімге пайыздық есептеулері тоқтатылды, ал негізгі қарызды төлеу мерзімі сол мерзімге ұзартылды. Сонымен бірге, көрсетілген кезеңге төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыптары есептелмейді – делінген холдинг таратқан ақпаратта.

Бұл шарттар Түркістан облысының Мақтарал ауданындағы су тасқынынан туындаған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның қазіргі қарыз алушыларына қатысты қолданылатын болады.
Өзгелердің жаңалығы