Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы маусым айында бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.
Оқи отырыңыз:
Бұл туралы Top Rank компаниясының басшысы Боб Арум мәлімдеді.
Бокс кеші 9 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі мүмкін. MGM ойын-сауық кешенінде өтеді деп жоспарланған кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта WBO чемпионы Шакур Стивенсон өнер көрсетеді.
Боб Арумның айтуынша, бокс кешін ұйымдастыру ESPN-мен бірге жүзеге асады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлыда орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулері бар.
Ол 28 наурыз күні ганалық Исса Самирге (18-0, 15 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі қажет болатын, алайда коронавирустың кесірінен бокс кеші өтпей қалды.