TOP-5: Еліміздегі ең ірі топтық су құбырлары

26 Шілде 2024, 16:45
449
Бөлісу:
TOP-5: Еліміздегі ең ірі топтық су құбырлары
PHOTO
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры. Жалпы ұзындығы - 2583,53 шақырым. Толағай жерасты қойнауынан су тасымалдайтын топтық су құбыры 1986 жылы қолданысқа берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысындағы 163 мыңнан астам тұрғыны бар 61 ауылды ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. 

Булаев топтық су құбыры. Жалпы ұзындығы - 2027,64 шақырым. 1962 жылы пайдалануға берілген құбыр тәулігіне 60 мың текше метр су жібере алады. Топтық су құбыры Сергеев су қоймасынан басталып, Солтүстік Қазақстан облысының 6 ауданы: Қызылжар, Ақжар, Аққайың, М.Жұмабаев, Тайынша және Мамлют арқылы өтеді. Бүгінгі таңда 95 мыңнан астам тұрғыны бар 136 ауылды сумен қамтамасыз етіп отыр. 

Сарыағаш топтық су құбыры. Жалпы ұзындығы – 896,60 шақырым. 2004 жылы қолданысқа берілген топтық су құбыры Келес өзені мен Ташқұлақ каналынан су алады. Бүгінгі таңда 147 мыңнан астам халқы бар 30 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. 

Каменский топтық су құбыры. Жалпы ұзындығы – 307,414 шақырым. Орал қаласының оңтүстігіндегі Серебряков жерасты қойнауынан су жеткізу үшін салынған топтық су құбыры 1982 жылы пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда 25 мыңға жуық тұрғыны бар 19 елді мекенді ауыз сумен қамтып отыр. 

Жәйрем-Қаражал топтық су құбыры. Жалпы ұзындығы – 117,4 шақырым. Тұзкөлден су тарту мақсатында салынған топтық су құбыры 2019 жылы пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда ол 174 мыңға жуық адамды ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы