Бір айда 342 өтінім берілді. Конкурстың қорытындысы бойынша ашық дауыс беру арқылы Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылғы 5-9 қыркүйекте 5 күндік оқыту бағдарламасына қатысатын 30 қатысушының тізімін бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әйел көшбасшылығы мен әйелдердің саясатқа қатысуын қолдау мемлекет қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. «Томирис» жобасының қатысушылары біздің қоғамның дамуына елеулі үлес қоса алатынына сенімдімін, - деп атап өтті АҚДМ вице-министрі А. Данилов.
Естеріңізге сала кетейік, «Томирис» әйел көшбасшылығы бағдарламасы дағды, білім мен құзыреттілікті дамытуға бағытталған.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар өз өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған саяси жобаларды әзірлейді және енгізеді. Академия жыл соңына дейін коучингтік онлайн-сессиялар арқылы әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.