Том Леффлер: Геннадий шешім қабылдаған кезде ресми мәлімдеме жасайды

14 Қаңтар 2019, 09:23
1804
Бөлісу:
Том Леффлер: Геннадий шешім қабылдаған кезде ресми мәлімдеме жасайды

Астана, baq.kz. GGG-дің промоутері Том Леффлер оның  DAZN стримингтік сервисімен келісімшарт жасағаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz сайты жазды.

Таяуда бұл туралы HBO телеарнасының сарапшысы Рикардо Селис мәлім еткен болатын. 

Бұдан бөлек, GGG-дің DAZN-мен келісімшарт жасағанына Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя твиттерде астарлап айтты. Алайда, Леффлер бұл ақпараттың мәселе шешілмей жатып жеткізілгенін атап өтті. 

«Геннадий шешім қабылдаған кезде ресми мәлімдеме жасайды. Ресми анонсты күткендеріңіз дұрыс. Қазір ол үлкен сұранысқа ие тәуелсіз агент. Ол қандай платформаға барса да үлкен құндылық әкеледі», - деген промоутердің сөзін келтіреді Boxingnews24.com. 

Естеріңізге сала кетейік, GGG-дің промоутері бұған дейін де бір рет осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Онда Том Леффлер жалған ақпарат таратқан журналистерге ренішін білдірген еді.

Өзгелердің жаңалығы