Көлік министрлігі қазақстандық тасымалдаушылар Өзбекстанның аумағына кіргенде тасымалдаушылар төлейтін арнайы алым туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, әлеуметтік желіде Өзбекстанның аумағына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылар арнайы алым төлеуі керек екендігі туралы ақпарат таралған.
2007 жылғы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiміне сәйкес тараптардың тасымалдаушылары алым төлеуден босатылған. Тасымалдаушылар тек ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ғана төлем жасауға міндетті. Бұдан басқа ешқандай алым төлеудің қажеті жоқ, - деп нақтылады министрлік.