Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аралда базардағы төлем терминалын бұзып, 1,5 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Оқи отырыңыз:
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер аудандағы базардың ішінде тұрған терминалды бұзып, ақша ұрлаған.
Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 млн 523 теңгені құрады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жедел-іздестіру жұмыстары барысында ақша ұрлаған 30 жастағы жергілікті тұрғыны анықталды. Заттай дәлелдеме ретінде ұрланған 1 млн 523 мың теңге ақша алынып, жәбірленушіге қолхат арқылы берілді.