Алматыдағы Төле би көшесінің бір бөлігі жабылады

Алматы, BAQ.KZ. Демалыс күндері жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыдағы Төле би көшесінің бойы жабылады. 

 5 Шілде 2019 2019, 09:53
5 Шілде 2019 2019, 09:53
2131

Алматы, BAQ.KZ. Демалыс күндері жөндеу жұмыстарына байланысты Алматыдағы Төле би көшесінің бойы жабылады. Бұл туралы «Алматы жылу желісі» хабарлады. 

Жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарына орай Төле би көшесінің мына бөліктері жабылады:

Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысы 5 шілде күні сағат 22.00-ден 9 шілдеге дейін;
Төле би мен Чокин көшелерінің қиылысы 5 шілде сағат 22.00-ден 6 шілдеге дейін.

Алматыда бірнеше жылдан бері ескі жылу құбырларын жаңасына ауыстыру жүріп жатыр. Мұның барлығы апатты жағдайдың алдын алуға бағытталған.

Наверх