Семейде бір айлық жауын-шашын мөлшері жауып, жел тұрып, қолайсыз ауа райы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының қолайсыздығынан көптеген қала көшелерінде көлік кептелісі пайда болып, жел кейбір ғимараттардың шатырларын ұшырып әкетті.
Сонымен қатар, бірнеше аудан жарықсыз қалды.
Қазіргі таңда қала көшелерінде жаңбыр суын тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта суды тазартуға 14 бірлік вакуумдық ассенизатор, 8 бірлік жылжымалы мотопомпа және 8 бірлік цистерналары бар автомашиналар жұмылдырылған. Қазіргі таңда 7 мың текше метрден астам су сорылды.
Айта кету керек, коммуналдық қызметтер тек айналма жолдарда ғана емес, сонымен қатар қаланың басқа бөліктерінде де (Қарағайлы ауданы, Шығыс кенті, Қабанбай батыр көшесі, Селевина көшесі, т.б.) су тазалау жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда, - деп жазды қала әкімдігінен.