Қазақстандықтар Нұр-Сұлтаннан Токиоға тікелей ұшатын болады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан-Токио тікелей әуе рейсін ашуға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы&nbsp;ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің&nbsp;<a href="https://www.facebook.com/147681262240480/posts/901403623534903/">Facebook</a>-тегі парақшасында жазылған.</h4> <br>

 13 Маусым 2019 2019, 22:34
13 Маусым 2019 2019, 22:34
2973

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан-Токио тікелей әуе рейсін ашуға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Facebook-тегі парақшасында жазылған.

«Министрлік «Эйр Астана» авиакомпаниясымен бірлесіп елорданың көліктік қолжетімділігін арттыру және Токиода, Нью-Йорк, Шанхай және әлемнің басқа да ірі қалаларына тікелей әуе рейстерін ашу жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың ІІ жарты жылдығында Нұр-Сұлтан-Токио тікелей әуе рейсін ашу жоспарлануда», - делінген ведомствоның Facebook парақшасында.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылға қарай Fly Arystan әуе компаниясының маршруттық желілер санын 54-ке дейін арттыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта әуе компанияның маршруттық желілері 6 бағытты қамтиды.


Наверх