Токиода 2,7 млн доллар ұрлады деген күдікпен якудза мүшелері ұсталды

Аталған оқиға 29 қаңтар күні кешке болған.

 freepik.com Кеше 2026, 11:47
Кеше 2026, 11:47
121
Фото: freepik.com

Токио полициясы Жапония астанасында ақша тасымалдаушыларға жасалған қарақшылық шабуылға қатысты күдікпен жеті адамды, оның ішінде жапон мафиясы – якудза мүшелерін ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес, қаскөйлер шамамен 420 млн иен (шамамен 2,7 млн доллар) салынған үш чемоданды көлікке тиеп жатқан инкассаторларға шабуыл жасаған. Шабуыл жасағандар көзден жас ағызатын газ шашып, ақшаны тартып алып, оларды күтіп тұрған сыбайластары жүргізген көлікпен қашып кеткен. Қашу кезінде олар кездейсоқ өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Ұсталғандардың арасында Жапониядағы ең ірі мафиоздық синдикат – «Ямагути-гуми» ұйымының 21 жастағы мүшесі де бар.

Полиция күдіктілердің сол күні Ханэда әуежайының халықаралық терминалы маңындағы автотұрақта болған тағы бір қарақшылық әрекетіне қатысы бар-жоғын да тексеріп жатыр, – деп жазады басылым.

Сол кезде қылмыскерлер ақша тасымалдаушыларға шабуыл жасағанымен, қаражатты алып кете алмаған.

Наверх