Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрлан Домбаев пара таэквондодан Токиода өтетін Паралимпиаданың ұлттық құрама үшін алғашқы лицензиясының иегері атанды.
Спортшы әлемдік рейтинг нәтижелері бойынша көшбасшы атанып, 75 келі салмаққа дейін К43 категориясында лицензияға ие болды, - деп хабарлады Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Нұрлан Домбаев – екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы. 2019 жылы спортшы 3 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды: Әлем, Азия, Ашық Еуропа біріншіліктерінде – алтын және Африка Чемпионатында – күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар спортшы 2019 жылы "Altyn Samgay" Ұлттық спорттық жүлдесінде "Паралимпиадалық спорттың үздік спортшысы" атанған болатын.