Токио Олимпиадасының чемпионынан допинг анықталды

14 Тамыз 2021, 14:02
6715
Бөлісу:
Токио Олимпиадасының чемпионынан допинг анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері британиялық Чиджинду Уджа допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікпен шеттетілді. 

Бұл туралы Жеңіл атлетикадағы жағымсыз құбылыстармен күрес бойынша тәуелсіз органның (AIU) сайтында хабарланды, деп жазды Lenta.ru.

Дереккөз таратқан ақпаратқа сүйенсек, Токио ойындарында 27 жастағы жеңіл атлеттен алынған сынамада тыйым салынған остарин және S-23 заттектері анықталған. Оған қарсы тәртіптік іс қозғалды.

Сондай-ақ Бахрейннен келген желаяқ Альсадик Мику, Кения спортшысы Марк Одиамбо, грузиялық Беник Абрамян допингпен ұсталды деп отыр.

Уджа 100 метр қашықтықтағы 4 эстафета бойынша күміс алқаны жеңіп алған болатын. Сонымен қатар ол 2013 жылы Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен.

Токиодағы Олимпиада кезінде бірнеше белорусь және украин жеңіл атлеттері ойынға қатысудан шеттетілді. Спортшылар сайыстан тыс кезеңде он ай бойы үш допинг-сынамасынан өтуі тиіс ережелерді сақтамағандары үшін санкцияға ілінген.

Өзгелердің жаңалығы