Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Олимпиадада тағы 21 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті.
Сөйтіп дүбірлі дода қатысушылары мен делегаттары арасындағы вирус жұқтыру оқиғалары 250-ге таяп қалды.
Билік вирустың таралуын тежеу үшін төтенше жағдай тәртібін ұзартты. Алайда оның пайдасы шамалы сияқты. Өйткені бұл тәртіпке қарамастан мейрамханалар жұмыс істеп тұр. Адам көп. Меніңше, билік тұрғындардың жүріс-тұрысын шектеуі керек. Мүмкін сонда бұл шара өз тиімділігін көрсететін шығар, – деді жергілікті тұрғын Наоки Тамура.
Жалпы шара өтіп жатқан Токио халқы арасында вирус жұқтырғандар көп. Осыған байланысты төтенше жағдай тәртібі 31 тамызға дейін ұзартылды. Соңғы кезде қалада ахуалдың нашарлауы Олимпиадамен байланысты деген әңгімелер айтылып жүр. Алайда осы күнге дейін шара қатысушыларынан жергілікті тұрғындарға індеттің жұғу дерегі тіркелмеген.
Мамандардың сөзінше, бәріне «Дельта» штамы себеп. Сондай-ақ вакциналау науқанының баяу жүруі де әсер еткен болуы мүмкін.