Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында Уганда құрамасынан коронавирус тіркелген. Бұл туралы NHK хабарлады.
Уганданың бокстан Олимпиада құрамасының мүшесі COVID-19-ға ПТР-сынамасын тапсырған кезде белгілі болған. Бұл - «Токио-2020» Олимпиадасында шетелдік қатысушылардан тіркеліп отырған бірінші жағдай. Жалпы Токио Олимпиадасында қатысушыларға сынама тапсыру міндеттелген.
Угандалық спортшы екі рет сынама тапсырып, екеуінде де оң нәтиже көрсеткен соң, оқшауланды. Қазіргі уақытта спортшы үкімет белгілеген мекемеге жеткізілді. Ал қалған құрама мүшелері Осака қаласындағы оқу-жаттығу жиындарына жіберілді.
Кейінен угандалық команданың барлық мүшелері AstraZeneca вакцинасының екі дозасын алғаны және Жапонияға дейін 72 сағат бұрын теріс нәтиже көрсеткені анықталды.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс еді. Пандемияға байланысты жарыс кейінге қалды. Биыл жарыс 2021 жылдың 23 шілдесінен 8 тамыз аралығына жоспарланған.