Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Амманда өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржыны бесінші және алтыншы жолдамамен толықты.
Оқи отырыңыз:
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбілхан Аманқұлов ширек финалда өзбекстандық Фанат Қахрамоновты төрешілердің бірауыз шешімен жеңді. Есеп - 5:0.
Осылайша, Әбілхан елімізге бокстан бесінші Олимпиада жолдамасын сыйлап отыр.
Сонымен қатар, қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Амман қаласында (Иордания) өткен Олимпиадалық іріктеу турнирінде 91 келіден жоғары салмақта ширек финалдық жекпе-жегін өткізді.
Оған қытайлық Маймаити Айхемаити қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен қазақстандықдың жеңісімен аяқталды.
Осылайша Коңқабаев турнирдің жартылай финалына өтіп, 2020 Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия жеңіп алды.