Токио Олимпиадасына ешбір көрермен кіргізілмейтін болды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Жапония үкіметі Токиода 12 шілдеден бастап 22 тамызға дейін төтенше жағдай режимін енгізді.&nbsp;</h4>

8 Шілде 2021 2021, 23:39
АВТОР
 8 Шілде 2021 2021, 23:39
8 Шілде 2021 2021, 23:39
2562

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония үкіметі Токиода 12 шілдеден бастап 22 тамызға дейін төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл ковид-19 індеті таралғалы осы елде жарияланған төртінші төтенше жағдай. 

Жапония үкіметінің мәлімдеуінше, қалада коронавирус жұқтырғандар саны еселеп артқан. Арасында дельта штамына шалдыққандар көп. Токиода 920 адам ковидпен ауырған. Төтенше жағдай режимі 23 шілдеден 8 тамызға дейін Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындары кезінде де сақталады. Сондықтан ойындар жергілікті көрерменсіз өтеді. Бұл туралы Олимпиада ойындарын өткізуге жауапты министр Тамаё Марукава мәлімдеді.


Наверх