Токио-2020. Жансай Смағұлов дзюдодан Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады

26 Шілде 2021, 11:33
2769
Бөлісу:
Токио-2020. Жансай Смағұлов дзюдодан Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан 73 келіде сынға түскен Қазақстан командасының мүшесі Жансай Смағұлов үшін Токио Олимпиадасы аяқталды деп жазады Olympic.kz. 

Смағұлов үшінші айналымда канадалық Артур Маргелидонмен кездескен болатын. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаздар қосымша уақытта анықталды. 

Бірінші болып "ваззари" ұпайын алған Канада өкілі келесі айналымға өтті. 

Дзюдодан Қазақстан командасының еншісінде Елдос Сметов еншілеген жалғыз медаль бар. Кеше Ерлан Серікжанов (66 келі), бүгін Жансай Смағұлов (73 келі) жарысты ерте аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы