Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токиодағы Олимпиада ойындарының трансляциясы бола ма деген сұраққа жауап берді.
Трансляция болады деп үміттенеміз. Қазіргі күні Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жақын арада хабар береміз. Дегенмен трансляция болады деп үміттенеміз, - деді Серік Сәпиев.Сонымен қатар «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков өзінің әлеуметтік желісінде трансляцияға қатысты келіссөздер жүріп жатқанын жазған болатын.
Олимпиадаға қатысты мәлімет. Келіссөздер әлі жүріп жатыр. Нақты бір шешім болған жағдайда телеарнаның әлеуметтік желілерінен нақты ақпаратты ала аласыздар, - деп айтты ол.Еске сала кетейік, бүгін Жапония астанасы Токиода жанкүйерлер асыға күткен XXXII жазғы Олимпиада ойындарын басталады. Бір жылға кейінге шегерілген 2020 жылғы Олимпиада ұйымдстыру комитетінің, Халықаралық Олимпиада комитетінің және Жапония билігінің талап-ережелеріне сай өткізіледі.