Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токио Олимпиадасында садақ атудан ерлер арасында жекелей сынның 1/8 финалы өтті.
Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Еліміздің намысын қорғаған Ильфат Абдуллин аталған бәсекеде қарсыласына жол берді.
Ильфат Абдуллин жарыстың 1/8 финалында қытайлық Ли Джуа Лунмен бәсекеге түсті. Тартысты кездесу негізгі сетте тең 5:5 есебімен аяқталды. Кездесу жеңімпазын анықтау мақсатында берілген соңғы мүмкіндікте қытайлық қарсыласы 10, отандасымыз Ильфат 8 ұпайды көздеді.
Нәтижесінде жарыс 6:5 есебімен аяқталып, Ильфат Абдуллин келесі айналымға өте алмады.