Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гимнаст Милад Карими Токио Олимпиадасындағы үшінші финалдық сынды аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол гимнастикалық керме снарядында сынға түскен болатын. Іріктеу кезеңінде Карими аталған жаттығу бойынша екінші орында тұрды.
Қазақстандық спортшының бағдарламасы ең қиын бағдарламалар қатарына кіреді. Алайда Милад жаттығуды орындау барысында екі рет құлап қалды да, ұпайы төмендей түсті.
Ол 11.266 ұпаймен сегізінші орын иеленді.
Гимнасикалық кермедегені жаттығуда жапониялық Даико Хасимито (15.066) чемпион атанды. Екінші орында хорватиялық Тино Србич (14.900), үшінші орында ресейлік Никита Нагорный (14.533).
Айта кетейік, Милад Карими еркін жаттығуда 5-ші, көпсайыс қорытындысы бойынша 14-орын алды.