Токио-2020: Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты.<strong> </strong>

 25 Шілде 2021 2021, 14:48
25 Шілде 2021 2021, 14:48
3270

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты. Olympic.kz-тің хабарлауынша, зілтемірші Игорь Сон Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық зілтемірші 61 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Игорь жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырса, серпе көтеруде 163 келіні еңсерді, - делінген хабарламада.

Осы орайда, төрешілер Игорь Сонның екі мүмкіндігін есепке алған жоқ.

Бұл Қазақстан командасы сапындағы екінші жүлде. Кеше дзюдодан Елдос Сметов қола жүлдегер атанған болатын.

Наверх