Токио-2020: Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші кезеңнен сүрінді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.</h4>

 28 Шілде 2021 2021, 08:36
28 Шілде 2021 2021, 08:36
2036

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлады Olympic.kz.

Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әзербайжандық қарсыласын ұта алмады. Мамадәлі Мехтиевпен өткен кездесу қосымша уақытқа (голден скор) дейін созылды. Қосымша уақытта отандасымыздың қарсыласы әдіс жасап, «вазар» ұпайымен Ислам Бозбаевты ұтты.

Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аляқтады. Ел қоржынына қола жүлдені Елдос Сметов ұтып алған болатын.

Наверх