Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токио Олимпиадасының екінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағатқа тең.
24 шілде күні Токиода спорттық жеті түрінен 13 қазақстандық атлет сынға түседі.
Төменде #teamKZ мүшелерінің жарыс кестесі Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген:
Велоспорт, топтық жарыс:
Дмитрий Груздев, Алексей Луценко, Вадим Пронский
Басталуы: 08:00
Дзюдо. Ерлер (60 келі), әйелдер (48 келі)
Елдос Сметов, Отгонцецэг Галбадрах
Басталуы: 08:00
Теннис. Ерлер мен әйелдер, жекелей сын:
Александр Бублик, Зарина Дияс, Елена Рыбакина
Басталуы: 08:00
Теннис. Ерлер, жұптық сын:
Александр Бублик / Андрей Голубев
Басталуы: 08:00
Бокс. Ерлер (57 кг)
Серік Теміржанов
Басталуы: 09:18
Спорттық гимнастика
Милад Карими.
11:30
Жүзу
Дмитрий Баландин
Басталуы: 17:35
Үстел теннисі, әйелдер:
Анастасия Лаврова
Басталуы: 18:00