Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды.
63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сафиуллин 1/8 финалда жапон Дайсуке Нариматсумен кездесуі керек еді. Алайда жапон боксшысы жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Осылайша, қазақстандық төрт боксшы ширек финалға шығып отыр. Бұған дейін 1/8 финалда Әбілхан Аманқұл, Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов өз жекпе-жегінде жеңіске жеткен еді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Зәкір Сафиуллиннің жекпе-жегіне болжам жасалған болатын.