Токио-2020: Әбілхан Аманқұл бразилиялық қарсыласынан ұтылып қалды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Токио Олимпиадасының ширек финалдық кездесулері жалғасуда.&nbsp;</h4>

 1 Тамыз 2021 2021, 15:50
1 Тамыз 2021 2021, 15:50
4058

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Токио Олимпиадасының ширек финалдық кездесулері жалғасуда. 

Бүгін Қазақстан атынан шаршы алаңға 75 келідегі Әбілхан Аманқұл шыққан болатын.

Әбілхан ширек финалда бразилиялық Эберт Консейсан Соузамен кездескен болатын. Тартысты бәсекеде бразилиялық боксшы 3:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға өтті. 

Осылайша, отандасымыз Олимпиаданың медаліне қол жеткізе алмады.

Наверх