Төкенов мұнай компанияларындағы қалдықтарды жою мәселесін көтерді

1 Ақпан 2022, 14:37
1653
Бөлісу:
Төкенов мұнай компанияларындағы қалдықтарды жою мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығының ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты. 

2019 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында, құрамына «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» компаниялары кіретін қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасақталды. Оның аясында 2020–2024 жылдар аралығында келісімшарт аймағында орналасқан жалпы көлемі 2,5 млн. шаршы метр  қалдықтарды жоюға және ластанған жерлерді қалыпына келтіруге міндеттілді, - деді Руслан Төкенов. 

Оның айтуынша, өткен жылдардың қортындысы бойынша  Өзенмұнайгаз – 310 929 м3, Қаражанбасмұнай – 17 002 м3 және Маңғыстаумұнайгаз – 350 615 м3 қалдықтарды тазалаған. 

Былтыр белгісіз себептермен сатып алу жұмыстары кеш өткізілді, оның салдарынан жұмыстар тиісті дәрежеде әлі басталмай отыр. Жұмыстардың келісілген мерзімде аяқталмау қауіпі бар, әсіресе «Өзенмұнайгаз» компаниясы, өйткені қалдықтардың басым бөлігі осы мекемеге тиесілі, яғни 1 млн м3 өңделген өнімді қайта пайдаланбай отыр. Ондай тәжірибе мұнай компанияларында бар. Сонымен қатар «Қаражанбасмұнай» мекемесі тарапынан мұнай қалдықтарына толы 2 жерүсті қоймаларды (22,6 мың м3) тазалау бойынша әлі күнге дейін нақты шешім қабылданбаған. Аталған компания басшылары бұл мәселелерге ерекше назар аударуы қажет, өйткені меморандум міндеттемелерін уақытылы орындамау әкімшілік жауапкершілік мәселесін және сот дауларына туғызуына әкеліп соғуы мүмкін, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы