Тоқаев: Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы

13 Қазан 2020, 20:37
1574
Бөлісу:
Тоқаев: Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында осылай деп жазды.

Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды. Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен-ақ сабырға шақырдық - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өзгелердің жаңалығы