Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарының жеңімпаздарымен кездесуінде айтты.
Президент атап өткендей, Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген ұрпақ ер жетіп, ел ісіне араласты.Құрметті жастар, мен барлығыңызды келе жатқан ұлы мереке -Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біздің бүгінгі кездесуіміздің ерекше мән-маңызы бар. Тәуелсіздік ұрпақтары шын мәнінде жаңа Қазақстанның басты символдарының бірі. Еліміз дербес мемлекет болғалы бері ойы еркін, рухы азат, тұтас буын өсіп жетілді, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы жастардың жобаларымен танысып шыққанын айтты.Олар еліміздің дамуына өз үлесін қосып келе жатыр. Мен егемендік кезеңінде туып өскен жастарға арнайы грант бөлуді тапсырдым. Бұл талантты ұл-қыздарымызды қолдауға бағытталған. Қазақта «жас келсе-іске» деген жақсы сөз бар. Халқымыз жастарға сенім артып, әрдайым сеніммен қарайды. Жастардың тәрбиесіне білікті және білімді болуға айрықша ден қояды. Дарынды жастарымыз еліміздің болашағына деген сенімді арттыра түседі, - деді Президент.
Мен грант жеңімпаздары ұсынған жобалармен танысып шықтым. Ол жобалардың көбінде экологияға ерекше мән берілгенін көрдім. Бұл-өте дұрыс. Себебі қоршаған ортаны қорғау барша адамзат үшін аса маңызды. Кең байтақ жеріміздің бірегей табиғатын сақтау – барлығымыздың мінтедіміз. Жастардың игі идеялары іске асып, елдің дамуына үлес қосады деп үміттенемін, - деді Тоқаев.