Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жиынында айтты. Ақорданың баспасөз қызметінің twitter парақшасында отырыстан тікелей мәтіндік трансляция жасалып жатыр.
Ақпан айынан бастап ПТР-зерттеулер нәтижелерінсіз әуежолаушылар санының екі есе өсуі байқалады. Егер 2020 жылдың қараша айында ҚР-ға ПТР анықтамаларынсыз келген адамдардың үлесі 7,3% құраса, қазір ол 27%-ды құрайды. Нәтижесінде, елде барлық үш мутацияланған штаммдардың контагиозиясы жоғары екендігі расталды. Инфекцияның жалпы өсуі ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастардың көбеюімен, сондай-ақ өлім жағдайларының өсуімен қатар жүреді, - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, бір мезгілде дәрілік препараттардың да, медициналық бұйымдардың да, жабдықтардың да жетіспеушілігі тіркелді.
Орташа алғанда жансақтау бөлімшелері талап етілетін стандарттардың 64% - мен ғана жабдықталған. Біз денсаулық сақтау жүйесіне деген жүктеменің артуына тап болуымыз мүмкін. Үкімет пен өңірлердің әкімдеріне жансақтау бөлімшелерін жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдауды және бас дәрігерлер мен әкім орынбасарларының дербес жауапкершілігін бекітуді тапсырамын, - деді ол.
Президент жекелеген өңірлерде сатып алынатын жеке қорғану құралдарының тапшылығы не сапасының төмендігі байқалып отырғанын айтты.
Біз «СҚ-Фармация» басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт келді. Әйтпесе, жұмыстан босатылады.Денсаулық сақтау министрлігіне дәрігерлер үшін жеке қорғану құралдарының сапасы мен жеткілікті көлеміне қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын, - деді Тоқаев.