Тоқаев Шымкент әкімінен ұзаққа созылған әуежайдың құрылысы туралы сұрады

10 Шілде 2021, 14:24
4240
Бөлісу:
Тоқаев Шымкент әкімінен ұзаққа созылған әуежайдың құрылысы туралы сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде елдегі барлық өңірлер бойынша маңызды мәселелер талқыға түсті. Соның ішінде, Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтен құрылысы әлі аяқталмаған әуежайға қатысты сұрады.

Шымкент қаласының халықаралық әуежайы құрылысы бір жылдан астам уақытқа созылып кеткен көрінеді. «Әуежайдың құрылыс жұмысы қашан аяқталады?» деп Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы сұрақ қойды.

Әуежай құрылысына инвестор тартылған болатын. Инвесторлар қаражат болмағандықтан құрылыс жұмыстарын 1 жылдан артық созуға мәжбүр болды. Үкіметпен бірлесіп 7 млрд теңге көлемінде кредит әпердік. Келесі жылы аяқталады деп отырмыз, - деді мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов.

Қала әкімі заманауи үлгіде болатын әуежай құрылысы 2022 жылдың І жартысында 62% қолданысқа беріледі деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте қазіргі заман үлгісіне сай әуежай салынып жатқан болатын. Аталған жоба қолданыстағы әуежайдың тиімсіз болуына байланысты қолға алынған. Әуежай шырайлы қаланың келбетін келтіреді дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы